Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Басты назарда» бағдарламасына қатысып, бірқатар сұрақтарға жауап берді. Әңгіме барысында жетекші университеттің соңғы алты ай ішіндегі қол жеткізген жетістіктері, атқарылған шаруалар, жаңа оқу жылына дайындық, оқу ғимараттары мен жатақханаларға жүргізіліп жатқан кешенді жөндеу, студенттер мен оқытушыларға жасалған жағдай, пандемия кезіндегі оқу процесі және тағы басқа мәселелер талқыланды.