46 жасында өзінің асыранды бала екенін білген Минск тұрғыны Өскемен қаласынан туыстарын іздейді. Анасы оның жанына “баламды асырап алыңызшы” деген жазба қалдырып, қала вокзалына тастап кеткен. Беларусь мемлекетіне алып кеткен қазіргі ата-анасы осынша жылдан соң шындықты айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.