Ресейдің Сүргіт қаласында 21 қазанда клиникалық травматологиялық ауруханасында анестезиолог медбике болып жұмыс істейтін Аяжан Ташмағамбетова өз-өзіне қол жұмсады. Жұбайы әйелін суицидке дейін жеткізді деп отыр. Оның күдігін марқұмның достары мен әріптестері растап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Муксун.fm басылымына сілтеме беріп хабарлайды.