Оралда Жанғалы ауданы, Жаңақазан ауылында 24 мамырда қайғылы жағдай болды. Бір топ бала ойнап жүріп, қосалқы стансаға жақындап кеткен. Ол ауылдан 800 метр қашықтықта орналасқан. Ол қоршалған болса да, балалар ішіне кіріп кетіп, шкафты ашып, сымдарды ұстап алған. Бұл туралы аылдық округ әкімі Сәкен Ғұбашев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме беріп.