Президент баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәліметінше, бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынады. Жиынды "Хабар 24" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.