Қазақстан Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында бауырлас түркиялық инвестор Юсуф Үге мен қазақстандық кәсіпкер Қасым Сойырқастың серіктестігінің нәтижесінде Алматы облысында 10 млн АҚШ доллары шамасында отандық алғашқы газ және аралас пеш өнімдері зауыты іске қосылды. Зауыт болашақта жылына 150 мың дана пеш шығарып, 200 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.