Хабарламаға сенсек, неміс патологоанатомдары осындай жаңалық ашып, бұл туралы 2020 жылдың 20 қыркүйегінде Ройтлинген қаласында Патология институтында өткен конференцияда мәлімдеген екен. Профессорлар Арне Буркхардт пен Уолтер Лэнг КВИ қарсы вакцина алған қайтыс болған адамдардың тіндеріне талдау жасаған. Олар марқұмдардың денесінен сырттай "микроскопиялық электронды чиптерге" ұқсайтын "вакцинаның жарияланбаған компоненттерін" анықтаған. Дегенмен, бұл туралы хабарламаларды Correctiv неміс басылымының фактчекерлері жоққа шығарды.