2021 жылы денсаулық сақтау саласына жұмсалған мемлекеттік шығыстар 2,3 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 2,9%-ын құрады. Бұл ретте денсаулық сақтауға арналған республикалық бюджет қаражатының 90%-ға жуығын ӘМСҚ әкімшілендіреді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды.