Ішкі істер министрі патрульдік полиция полкі взводының командирі Алмаз Құлтановқа, полк қызметінің инспекторлары Асылхан Нұрмұхамбетов пен Нұрсұлтан Сариевке жедел әрі үйлесімді іс-әрекеттері үшін жеке алғысын білдіріп, полицейлерді ІІМ-нің “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен марапаттады.