Өскеменнің іргесіндегі Лесхоз ауылында ит шабуылынан қаза тапқан қыздың туыстары жәбірленушінің өліміне қатысты өз нұсқаларын айтты. Олардың айтуынша, қаңғыбас ит үйдің ауласына кіріп, ойнап жүрген қызға тарпа бас салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі yk-news.kz порталына сілтеме жасап.