Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жамбыл апталығы аясында «Жамбыл және түркі әлемі» атты халықаралық онлайн-конференция өтті. Оған Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Болгария, Башқұртстан және Саха Республикасынан танымал жамбылтанушы, әдебиетші, тілші ғалымдар мен оқу орнының білім алушы жастары қатысты.