17 маусымда “Өзенмұнайгаз" компаниясының екі мұнайшысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімшілігіне 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасына қатысты жаңа тергеуді бастауға шақырған хат жолдаған. Маңғыстау облысындағы моноқаланың мұнайшылары ел президентіне үшінші рет үндеу тастап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Azattyq” порталына сілтеме жасап.