Алматы қаласы жұмыссыз жастардың саны жөнінен еліміз бойынша көш бастап тұр. Мұны қалалық әкімдікке қарасты Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары да растап отыр. Дегенмен мәселені шешу мақсатында “Жастар практикасы”, “Алғашқы жұмыс орны” және “Ұрпақтар келісімі” жобалары қолға алынған. Stan.kz тілшісі аталмыш жобалар жайлы толығырақ сұрап білді.