«Балаларды қорғау күні» қарсаңында Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы Әділбек Сапарбеков бастаған полиция қызметкерлері «Жетісай қосалқы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды. Мұндағы негізгі мақсат – балаларды құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлау.