20 қазан күні еліміздің батыс, солтүстік және оңтүстік аумақтарында ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайтын болады. Соған байланысты жаңбыр күтіледі. Батыста жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Республиканың тек шығысында және оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз күн райы сақталады.