Ақтөбеде қаржы пирамидаларына қатысты даулы істің нүктесі қойылды. Сот шешімімен пирамидаларды ұйымдастырған 48 азамат түрмеге қамалды. Дегенмен үкімді толық оқып шығу үшін уақыт жетпей қалған. Ал зардап шеккендер күдіктілердің кейбірінің жазасын жеңілдету керегін алға тартты, деп хабарлайды Astana арнасы.