2021 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның еңбек нарығында COVID-19 пандемиясынан туындаған құлдыраудан кейін тұрақты қалпына келу байқалады. Жұмыспен қамтудың икемді түрлері қарқын алуда, азаматтар өз бизнестерін белсенді дамытуда. Осылайша, 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 2,9%-ға (+60,2 мың адам), ал жалдамалы қызметкерлер саны 0,6% - ға (+41,1 мың адам) ұлғайды.Жұмыс күшінің саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9 256,4 мың адамды құрап, 98,7 мың адамға (+1,1%) ұлғайды.