Жексенбідегі жарылыстан кейін бүгін Қайнар ауылы мен әскери бөлімге керер жолдың барлығы жабылды. Себебі қауіптің беті қайтпаған, қайта жарылуы мүмкін дейді мамандар. Осы себепті алдыңғы жарылыстан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіріп жатқан құрылысшылар мен ауыл тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді. Олар Тараз қаласы мен жақын маңдағы туыстарының үйіне жіберілген.