Болжам бойынша, Ақ теңіз аудандарынан жылжып келе жатқан Солтүстік-Батыс циклон әсерінен республикамыздың батысында жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, кейін шығыс бағытта жылжып республиканың қалған бөлігіне жетеді. Тек Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын болмайды.