"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің өзге де ақы төленетін (педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа) және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде кәсіпкерлік қызметке қатысуға құқығы жоқ. Қазіргі таңда бұл бағытта белгілі бір шаралар қолға алынып жатқанымен, мемлекеттік қызметшілер лайықты жалақы алмай отыр. Осыған байланысты, біздің ойымызша, бұл шектеулерді әлсіретіп, оларға қосымша табыс алу мүмкіндігін беру қажет", - делінген хабарламада.