Метеорологтердің болжамы бойынша, айдың басында Қазақстанның басым бөлігінде ыстық және негізінен құрғақ ауа райы қалыптасады. Тек шығыста, сондай-ақ республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр күтіледі. Елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде + 20-25°С, күндіз + 35-42°С дейін жетеді.