Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 6 тамыз күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен, ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің тек оңтүстігінде және орталығында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.