Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мәңгілік ел» сағаты салтанатты түрде ашылды. Бұл архитектуралық нысан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, түлектердің университетке сыйға тартуы. Сағаттың ашылу салтанатына ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы, Түлектер қауымдастығының президенті Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚазҰУ-дың Құрметті профессоры, 1983 жылғы түлегі Салтанат Байқошқарова және ҚазҰУ Директорлар кеңесінің мүшесі Арманжан Байтасов сынды тағы да басқа зиялы қауым өкілдері, Нұр-Сұлтан мен Алматы шаһарынан арнайы келген меценаттар мен университеттің оқытушы-профессорлары және білім алушы жастар қатысты.