Алматының Түрксіб ауданындағы апатты үйдің тұрғындары өз қауіпсіздіктері үшін үрейленеді. Өткен ғасырдың басында салынған үйді шенеуніктер бұзғысы келмейді - деп шағымданады тұрғындар. Оның орнына билік екі қабатты ғимаратты биік дуалмен қоршап қойған. Шамасы, әдемі мегаполистің шырайын бұзбасын дегені болар. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеп хабарлайды.