Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның көлігін ұрлау және өртеу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Жасалған қылмыс фактісі бойынша екі ер адам ұсталды, олардың бірі полиция бөлімшелерінде жергілікті қылмыстық топтың мүшесі ретінде есепте тұрған болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.