Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйдің лифтінде күйеуі ұрып-соққан әйел істі сотқа жеткізгісі келеді. Ол жұбайын кешірмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Гүлмира Шрахметова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.