Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден кейін мақсатты ақпараттық науқан қоғамдық сананы манипуляциялауды бастады. Бұл туралы ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әділов қазір ақпараттық кеңістікте қаңтардағы оқиғаларды әдейі бұрмалау байқалатынын айтты. "Митингілердің бейбіт сипаты мен құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттері жарияланып жатыр. Мұның бәрі билік қабылдаған шешімдердің беделін түсіру, ең бастысы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен қатысушылар жауапкершіліктен қасақана жалтаруы үшін жасалып отыр. Қазақстандықтар бұл қоғамдық сананы манипуляциялауға бағытталған мақсатты ақпараттық науқан екенін түсінуі керек", - деді Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.