Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады. Баршаңызды бүгінгі керемет мереке – Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасымыздың ұсынысымен басталған бұл мейрам бүгінде қоғам болып ұйысып атап өтетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мерекеге айналды. Отбасы – мемлекеттің тірегі, қоғамның өзегі. Озық қоғамның қалыптасуы – үлгілі отбасылар көп болуына тікелей байланысты, - деп жазды ол facebook - тегі парақшасында.