Наурыз айының басында Қазақстанның барлық аумағында температураның төмендеуі күтіледі. Синоптиктер әсіресе, еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде қыс мезгіліндегідей аяз болатынын айтып отыр. Термометр бағандары минус 25 градусқа дейін түсуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.