Нұр-Сұлтанда 12 жастағы қыз Есіл өзеніне батып, көз жұмды. Қайғылы оқиға Аршалы ауданына қарасты Жібек Жолы елді мекеніндегі Silk Way демалыс орнында болған. 2010 жылы туған қыз ата-анасының қарауынсыз қалып, шомылуға жабдықталмаған орында батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.