Мәдиналық мұсылмандар ішінде Сағлаба атты сахабаның дүние-мүлікке, байлыққа деген құштарлығы ерекше болатын. Жатса-тұрса бай болсам, байлыққа бір қол жеткізсем деп көксеген ол бар аңсарының соған ауғаны соншалық, ойлай-ойлай шақшадай басы шарадай болып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылды. Ақыр соңында шыдамай Пайғамбарымызға келіп: