Күндізгі сағат 16:45 шамасында Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын 6 жасар ұлының жоғалғанын хабарлады. Әйелдің айтуынша, аулада ойнап жүрген ұлы бір сәтте ұшты-күйлі жоқ болған. Өздігінен ары-бері іздегенімен таба алмаған әйел, уақыт өткізбестен полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды.