Үйсіз жүрген адам 5А шағынауданында қоныстанған. Журналистер бұл жерден тамақ пісіретін пешке ұқсас затты, бұта арасында ұйықтауға арналған көрпе, екі жастық және заттар салынған сөмкені тапқан. Жақын жерде азық-түлік, картоп, пияз пакеттері бар. Мұнда макарон, сұлы, қаймақ және басқа да азық-түлік қалдықтарын да көруге болады. Сондай-ақ, бос сыра бөтелкелері мен тамақ ыдыстары бар.