Біріншіден, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет болғандықтан, мемлекеттің ең үлкен экспорттық-импорттық операциялары Ресеймен байланысты. Екіншіден, бізге келетін импорттық тауарлардың көбі қондырғылар болсын, құрылыс материалдары немесе ағаш, тақта болсын – бәрін біз Ресейден аламыз.