Қарағандылық жүк көлігінің жүргізушісі алаяқтардың құрбаны болғанын айтады. Қазір оның салық бойынша 11 миллион теңге қарызы бар. Ер адам арам ойлылар оның құжаттарын пайдаланып, өзінің келісімінсіз мәмілелер жасаған деп ойлайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.