Семейде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Полицейлердің айтуынша, «KIA» маркалы автокөлікті тізгіндеген 83 жастағы жүргізуші дәрігерлерге жол бермеген. Төрт адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта тергеу басталып, сот сараптамасы тағайындалды.