Биыл еңбек мигранттарын емханаға тіркеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді олар емханаға ерікті медициналық сақтандыру полисі немесе жүктелген медициналық сақтандыру келісімшарты арқылы ғана тіркеле алады. Өзгерістер 14 тамыздан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы.