Степногорск қалалық сотында жергілікті полиция басқармасының 34 жастағы қызметкері Ермек Рамазановтың үстінен қылмыстық іс қаралуда. Полицейге 38 606 теңге ұрлады деген айып тағылып отыр. Бұл ақша жұмыс орнында кенеттен көз жұмған 65 жастағы автомобиль шеберханасының қызметкерінен жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап.