"Бүгінгі таңда отандық жоғары оқу орындары грант беру арқылы жан басына қаржыландыруға көшті. Бұл жүйе қазір қалай жұмыс істейді? ҰБТ-дан кейін талапкер өтініш береді, нақты мамандықты таңдап, гранттарды тағайындау конкурсына қатысады. Мәселен, егер белгілі бір мамандыққа барлығы 100 грант бөлінсе, квоталарды есепке ала отырып, ең жоғары балл жинаған 100 талапкер сараланған тізім бойынша ЖОО-да оқу үшін грант алады", - деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.