Таиландқа демалуға барған отандасымыздан коронавирус анықталған. Науқастың қасында кәмелетке толмаған 2 баласы бар. Балалардан ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсетіпті. Соған қарамастан, барлығын қонақ үйдің бір бөлмесіне карантинге жапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.