Атырау облысында дәретханада босанып, шақалақты сонда тастап кеткен 31 жастағы әйел мемлекеттік мекемелердің бірінде тазалықшы болып жұмыс істеген. Ол жүкті екенін туыстарынан да, дәрігерлерден де жасырып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ”Астана” арнасына сілтеме жасап.