Бүгін Ташкенттегі «Жібек жолының інжу-маржаны» халықаралық кинофестивалі аясында «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «Базелевс» компаниясы мен Өзбекстан ұлттық кинематография агенттігі арасында келісімге қол қойылды. Аталған іс-шара Ресей мен Орталық Азия елдерінің бірлескен өндірісіне арналған басқосу барысында өтті.