Мәлім болғандай, жиын барысында мемлекет басшысы ішкі жанар-жағармай нарығындағы қалыптасқан жағдайға жол беруге болмайтындығына тоқталып, еліміздегі жанар-жағармай қорының күрт төмендеуіне жол берген ведомстволардың жұмысын сынға алды. Президент өнеркәсіп пен халықты электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету, сондай-ақ қосымша генерациялаушы қуаттарды құру қажеттігіне назар аударды.