Түлкібас ауданының полицейлері «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай аудандық мәдениет үйіне барып, мүмкіндігі шектеулі балаларды мерекемен құттықтап, керемет кештің куәсі болып қайтты. Қонақтар үшін сахналық қойылым қойған балалар, өздерінің актерлік шеберліктерімен тәнті етті.