Биыл Ұлттық бірыңғай тес тапсыру кезінде заң бұзған 19 талапкердің нәтижесі жойылды. Ұлттық тестілеу орталығы таратқан мәліметтерге қарағанда, тест тапсыру кезінде анықталған заңбұзушылықтар жөнінде үнемі хабардар етіліп отырады. Бұл жерде бөгде тұлғаларды анықтау, сондай-ақ тыйым салынған заттарды алып кіруге талпыну және оларды пайдалану туралы айтылып отыр.