«Украинада әскери әрекеттер жүріп жатыр. Және елден тек Қазақстан азаматтары ғана емес, басқа ел азаматтары да кеткісі келеді. Біз қазақстандықтар үшін бар жағдайды жасаймыз. Киевте 8 ғана дипломатымыз бар. Қазақстандықтарды Польша шекарасына жеткізуде елшілік өкілдері бірге барып жатыр. Бірақ, мамандарымыз жетпейді, елшілікте де біреу қалу керек. Отандастарымызды шекараға жеткізген соң, елшілік өкілдері қайтып келіп, келесі топ адамдарды жолға алып шығады» - деді Айбек Смадияров.