«Бүгінгі күні Алматы қаласы бойынша 2975 көппәтерлі тұрғын үйді қамтитын 2782 жаңа басқару нысаны тіркелді. Бұл тұрғын үй қорының жалпы санының 39%-ы ғана. Айта кетсек, бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары көбінесе бір МИБ-ті немесе ЖС-ті тіркейді «Долина роз», «Керемет», «Премьера» және басқа да тұрғын үй кешендері осындай қағидатқа негізделген», – деді Нұрбол Қажин.