Астанада көлік кептелісін азайту үшін 9 көлік ауыстыру торабы салынады. Сонымен қатар елорда ішінде электр пойызын іске қосу және LRT желісін кеңейту жоспарланып отыр.Бұл туралы қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Досболқызы айтты, деп хабарлайды Newsroom.kz 24KZrке сілтеме жасап.