Бакуде күдікті адамды ұстамақ болған үш полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын қаза тапты. «24 маусымда Бакудің Хазар ауданы Шувалан ауылында бірнеше рет сотталған, іздеуде жүрген Аллавердиев Ровшан Огтай оглы (1986 ж.т.) тұтқындау кезінде полиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен. Салдарынан бір бейбіт тұрғын мен үш полиция қызметкері қаза тапты», - делінген бірлескен мәлімдемеде.