Жапония Өзбекстанға төрт медициналық жылжымалы контейнер сыйлады. Оның ішінде рентген аппараты, компьютерлік томография және басқа да қажетті құрал-жабдықтар болады. Жапон үкіметі Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасы аясында Өзбекстанға құны шамамен 6,2 миллион доллар тұратын медициналық жабдықтары бар төрт жылжымалы контейнерді сыйға тарту туралы шешім қабылдады.